Қазақ диаспорасының пайда болу тарихы.

Про матеріал
«Диаспора», «ирредент» ұғымдары. Диаспора грекше «шашыранды» деген мағына беретін сөз. Сонда бұл сөз Отанынан басқа елде өмір сүріп жатқандар туралы ұғым береді. Ал ирредента өз тарихи отанында өмір сүріп жатқан, бірақ белгілі бір саяси жағдайға байланысты өзге мемлекет құрамында қалып қойған жердегі адамдар туралы түсінік береді. Мәселен, Ресей, Орталық Азия, Қытай құрамына қосылған бұрынғы қазақ жерінде өмір сүретіндерді ирреденталар деп атайды. Егер Қазақстаннан тыс жерде 4 млн 500 мың адам өмір сүріп жатса, оның 800 мыңы диаспора болып саналады. Ал 3 млн 700 мыңы қазақ ирреденталары болып есептеледі. Яғни, ол көрші елдерге қосылып кеткен қазақ жеріндегі тұрғындар, Ресейдің Астрахан, Орынбор, Қорған, Омбы, Таулы Алтай автономиялық облысы, Қытайдың қарамағында қалған Алтай, Тарбағатай, Іле, Құлжа, т.б. Монғол жеріндегі Баян Өлгий аймағы, Өзбекстан құрамында қалған Сырдария, Шыршық, Қылықұм, Мырзашөл, т.б. жерде өмір сүріп жатқан қазақтар ирреденталар болып табылады. Алайда бұлар да диаспоралардың бір түрі.
Перегляд файлу

Қазақ диаспорасының пайда болу тарихы.

 

Сабақтың жоспары:

1) «Диаспора», «ирредент» ұғымдары.

2) Қазақ диаспорасының зерттелу тарихнамасы.

3) Қазақ диаспорасының пайда болу тарихы.

 

Дәрістің мазмұны:

1. «Диаспора», «ирредент» ұғымдары. Диаспора грекше «шашыранды» деген мағына беретін сөз. Сонда бұл сөз Отанынан басқа елде өмір сүріп жатқандар туралы ұғым береді. Ал ирредента өз тарихи отанында өмір сүріп жатқан, бірақ белгілі бір саяси жағдайға байланысты өзге мемлекет құрамында қалып қойған жердегі адамдар туралы түсінік береді. Мәселен, Ресей, Орталық Азия, Қытай құрамына қосылған бұрынғы қазақ жерінде өмір сүретіндерді ирреденталар деп атайды. Егер Қазақстаннан тыс жерде 4 млн 500 мың адам өмір сүріп жатса, оның 800 мыңы диаспора болып саналады. Ал 3 млн 700 мыңы қазақ ирреденталары болып есептеледі. Яғни, ол көрші елдерге қосылып кеткен қазақ жеріндегі тұрғындар, Ресейдің Астрахан, Орынбор, Қорған, Омбы, Таулы Алтай автономиялық облысы, Қытайдың қарамағында қалған Алтай, Тарбағатай, Іле, Құлжа, т.б. Монғол жеріндегі Баян Өлгий аймағы, Өзбекстан құрамында қалған Сырдария, Шыршық, Қылықұм, Мырзашөл, т.б. жерде өмір сүріп жатқан қазақтар ирреденталар болып табылады. Алайда бұлар да диаспоралардың бір түрі.

Ал оралмандар – шетелдерден өз еліне оралған адамдар.

Диаспора көп ретте трихи жағдайда байланысты миграцияның – яғни халықтың белгілі бір топтарының басқа елдерге қоныс аударуының әсерінен пайда болады. Ал қоныс аударудың да әр түрлі себептері болуы мүмкін. Мәселен, табиғи апаттан басқа жаққа қоныс аудару, басқа да әр түрлі өмір сүруге қиын жағдайдан диаспоралар пайда болады.

Халқымыздың тарихи жағадайына талдау жасап қарасақ, қазақ диаспорасы тек зорлық-зомбылықтың әсерінен пайда болған. Қазақ диаспорасы өз жерінен көрші жатқан елдерге қоныс аударып, онда тұрақтай алмай, одан әрі алыс елдерге дейін шашырап кеткен. Алғаш қазақтар Қытай, Орталық Азия, Ауғанстан, Иран сияқты елдерге қоныс аударған.

Қазақ диаспорасының шет елдерде кең тарағанын мына төмендегі салыстырудан байқауға болады. Өз республикасынан тыс жердегі халық пайызының жоғарылығы жағынан армян мен украиндардан кейінгі үшінші орын қазақтарға тиеді. Ал өз ата-мекендерінде тұрып жатқан түркі телдес халықтардың ішінде әзірбайжандардан кейінгі екінші орынды алады.

Қазақ диаспораларының өзіндік ерекшеліктері – олар, біріншіден, тұрған елдерінде көпшілік болып, саяси автономия құра алмайды, сондықтан да басқа халықтарға билік жүргізетін жағдайы болмайды. Қазақ диаспорасының өзіне тән екінші бір ерекшелігі, барған немесе қоныстанған елдерінде тез арада сіңісіп, бейімделіп кетіп отыруы.

2. Қазақ диаспорасының зерттелу тарихнамасы. Қазақ диаспорасының зерттелуіне қанша қарсылық жасалғанымен де қазақ және кеңес тарихшылары XVII-XVIII ғасырларда Орталық Азиядағы халықаралық тарихи жағдайды зерттеудің барысында бұл мәселеге тоқталмай өте алмады.  Әсіресе екі жүз жылға жуық созылған қазақ-жоңғар арасындағы, жоңғар-қытай, қазақ-қытай арасындағы ирренденталардың тарихи мәселелері сөз болған. Ағылшын тарихшысы Годфри Лиастың «Қазақтардың шығуы» атты монографиясында 1950 жылы Шыңжан, Тибет, Үндістан және Пәкстандағы қайғылы оқиғалар туралы жазған еңбегінің құндылығы – аталған оқиғадан кейін бірден сол оқиғаның болғандығы жайлы хабардың дүние жүзіне тралуы. Ғалым Түркия жерінен Шыңжан оқиғасына қатынасып, жағдайды өз көзімен көрген, оның басты ұйымдастырушысы болған Әлібек Хакім, Хұсайын Тәйжі, Қарамолла, Хамза және Сұлтаншәріп Тәйжі сияқты адамдарды кездестіріп, оқиғаның ізі ұмытылмай тұрғанда олардан нақты деректер жазып алып, қазақ диаспорасының тарихына маңызды үлес қосты.

Диаспора мәселесі туралы шындықты Милтон Дж. Кларк өзінің «Қазақтар еркіндікке қалай ұмтылды?» атты ғылыми мақаласында жазған. Бұл еңбектің де құндылығы, өзінің атынан көрініп тұрғандай, қазақтардың бостандық жолындағы бейнет-қиындықтары жайлы толық мағлұмат келтіруінде.

Қазақ диаспорасының зерттелуіне үлес қосқан деректер, ол сол өткен қасіретке толы оқиғаны өз басынан өткерген адамдардың немесе солардың туған-туыстарының жазып қалдырған естеліктері түрік тілінде мемуарлық еңбек болып Стамбұлда жарық көруі.

Бұл еңбектер қасиетті жерінен, елінен айырылғандықтан жүректеріне түскен жазылмас жарадай сезінетін ауыр тағдырлы жандардың жан сыры. Мұндай еңбектердің бірі – 1976 жылы Хасен Оралтайдың «Түрік қазақтары» атты түрік тілінде шыққан кітабы. Сол сияқты 1977 жылы Стамбұлда Хыдырбек Ғаритулланың «Алтайдағы қанды күндер» атты кітабы жарық көрді. Ал 1981 жылы түрік тілінде шыққан Халифа Алтайдың «Туған жерден Анадолыға дейін» атты кітабы төрт бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі қазақ халқының өткен тарихына арналған. Екінші бөлімі халқымыздың этнографиясына арналса, үшінші, төртінші бөлімдері 1930-1940 жылдардағы оқиғалардың себеп-салдарларына және Шыңжандағы тарихи оқиғаның орын алуына, қазақтардың Үндістан жеріне ауып барғаны баяндалады. Мұнда он екі жыл бойы тұрғаны, Қазақ қауымдастығының құрылуы, оның жұмысының нәтижесінде Түркия мемлекетіне тұрақты қоныс аударуы туралы жазылған.

Бұдан кейін қазақ диаспорасы және қазақтар туралы монографиялық еңбектер 1980 жылдан бастап батыс тарихшыларының зерттеулерінен байқала бастайды. Алайда олар өздерінің еңбектерінде Х.Алтай, Х.Оралтай, Х.Ғаритулла еңбектерін пайдаланған, мысалы, 1990 жылы Америкада профессор Линда Бенсонның «Іле көтерілісіне...» байланысты монографиясы жарық көреді. Еңбек мұрағат материалдарына және жергілікті қазақ-ұйғыр, дүнген халықтарынан жинастырлыған деректерге сүйене отырып, 1944-1946 жылдардағы оқиғаларда қазақтардың басты рөл атқарғанына баса көңіл бөлген.

Соңғы жылдарды шашырап кеткен халқымыздың тарихына қазақ тарихшы ғалымдары көңіл бөле бастады.

3. Қазақ диаспорасының пайда болу тарихы. Қазақтардың басқа елдерге шашырап кету тарихы XVII ғасырдан-ақ басталады. Әсіресе XVII-XVIII ғасырлардағы қазақ-жоңғар қарым-қатынасы қазақ ирреденталары мен қазақ диаспорасының бастауына жатады.

1757 жылы Цин өкіметі жоңғарларды біржолата талқандап, олардың қол астында болған Тарбағатай өңірі, Іленің жоғарғы, Жетісудың солтүстік аудандарын өзінің жері деп жариялайды. Бұл жағдай көрсетілген жерлерде ғұмыр кешіп жатқан қазақ ру-тайпаларының Қытайдың Цин өкіметінің қол астында қалуы жаңа қазақ ирренденталарының немесе диаспорасының пайда болуын туғызған еді. Мұндай өзі қазақ диаспорасының XVII-XVIII ғасырлардағы жоңғар шапқыншылығының әсерінен пайда болғандығын көрсетеді.

Қазақ диаспорасының пайда болуының екінші кезеңі Орталық Азияда орыс-қытай мемлекеттік шекарасын анықтау кезіне жатады. Екі ұлы елдің арасындағы шекараны анықтау үшін бірнеше аса маңызды келісімшарттар жасалған. Бұл келісімдердің шекаралық шешімдері екі елдің арасында өмір сүріп жатқан халықтардың ешбір келісімінсіз-ақ қабылданды, Осы шекаралық бөлініс кезінде қазақтар өмір сүріп жатқан Алтай, Тарбағатай және Іле өзенінің жоғарғы ағысы Қытай жағында қалып қойған. Тарихи деректерге қарағанда, осындай жағдайдың әсерінен ХІХ ғасырдың соңында 100 мыңға жуық қазақтар шет елдердің құрамында қалған. Бұл ирреденталар алғаш Орталық Азияға шашырай бастаған, кейіннен бүкіл дүниенің төрт бұрышындағы қазақ диаспорасына айналған.

 

docx
Пов’язані теми
Всесвітня історія, Розробки уроків
Інкл
Додано
15 травня 2020
Переглядів
1631
Оцінка розробки
Відгуки відсутні
Безкоштовний сертифікат
про публікацію авторської розробки
Щоб отримати, додайте розробку

Додати розробку