Антика мәдениеті ашық сабақ

Про матеріал
Антикалық мәдениеттің дамуына, ерекшеліктеріне шолу жасау арқылы білімгерлерге Антика мәдениетінің дәуірі жайлы түсінік беру.
Зміст слайдів
Номер слайду 1

Пәні: Мәденеттану. Оқытушы: Бейсенбеков Мейрам Бакдаулетович. ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ «АВИЦЕННА» МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

Номер слайду 2

Антика мәдениеті

Номер слайду 3

Мақсаты: Білімгерлерге “Антика” ұғымын түсіндіру. Антикалық мәдениеттің дамуына, ерекшеліктеріне шолу жасау арқылы білімгерлерге Антика мәдениетінің дәуірі жайлы түсінік беру.

Номер слайду 4

Антика. Ежелгі Грек және Рим мәдениеттерінің б.з.д. XII - I ғғ. қамтитын дәстүрлерінің, құндылықтарының,  идеяларының,  өнерінің, мұраттарының тұтас жүйесі. Латынның “ежелгі “деген сөзінен шыққан.

Номер слайду 5

Антика. Ежелгі Грекия мәдениетіЕжелгі Рим мәдениеті

Номер слайду 6

Грекияның көне мәдениетінің тамыры тереңде жатыр, өйткені, оның бастауы б.з.д. Ill—II мыңжылдықтарда болып саналады. Грекияның негізгі бастапқы мәдениетінің орталығы Крит аралы болып саналады.

Номер слайду 7

Грек аңыздарына қарағанда Крит аралы — ұлы жебеуші, найзағай тәңірі  Зевстің туған жері. 

Номер слайду 8

Олимп – Грекиядағы ең биік тау. Ежелгі грек мифологиясында Олимп - Зевс бастаған құдайлар орны. Осыған байланысты, грек құдайларын “олимпиецтар” деп атаған.

Номер слайду 9

Ежелгі Грекияда болған дәстүр. Алғашқы ойындар Зевс құдайының құрметіне б.з.д. 776 жылдан бастап төрт жылда бір рет Олимпия қаласында өткізілетін болған.

Номер слайду 10

Парфенон - ежелгі Грекиядағы жетекші қала-мемлекет болған Афинадағы ең сәулетті храмдардың бірі

Номер слайду 11

Номер слайду 12

“Педагог”Ең алғаш Ежелгі Грекияда қолданылған сөз болып саналады. Ол кездегі мағынасы “балаға қараушы” деген ұғымды білдірген. Бірақ ол кезде “педагог” деп мұғалімді айтпаған, қызметшіні (құл) осылай атайтын болған. Олар баланы мектепке апарып, қайтадан алып кететін болған, яғни олардың жұмысы баланың жағдайын жасау болған.

Номер слайду 13

Милет мектебі – гректердің ең алғашқы көне материалистік философиялық мектеп. Милет қаласы сауданың, теңізде жүзудің, мәдениеттің ірі орталығы болды, ал бұл жағдайлар Фалес, Анаксимандр және Анаксимен секілді көрнекті философтар милеттіктердің ой - өрісі мен ғылыми ынта – талабының жан – жақты өрістеуіне жағдай жасады. Олар математика, география, астраномия салаларында ғылыми жаңалықтар ашты.

Номер слайду 14

Ежелгі грек философиясы өзінің даму тарихында үш кезеңнен өтті: 1. Сократқа дейінгі кезеңдік философия (б.з.д. 7 – 6 ғ.ғ). Бұл кезеңде натурфилософиялық көзқарас басым болды. Милет, Элей, Пифагоршылдар, Софистер мектебінің қалыптасуымен қатар атомдық көзқарастың негізі қаланады.2. Классикалық кезең (б.з.д 4 ғ.). Платон мен Аристотель философиялық еңбектерімен ерекшеленеді. 3. Римдік – эллиндік кезең (б.з.д 3 ғ. соңы мен б.д. 3 ғ. басы)Стоиктер, скептиктер және эпикуршілдік мектептер басымдылық танытқан кезең.

Номер слайду 15

Ежелгі грек халқы мүлдем суда жүзе алмайтын болған және олар ашық теңіздерден қорқатын болған.

Номер слайду 16

Сонымен қатар Ежелгі Грекия театрдың отаны болып саналады. Ол кезде театрдың екі түрі болған: сатира және драма.

Номер слайду 17

Тұз немесе өмір Ежелгі гректерде бай адамдар құлдарды тұзға айырбастаған.

Номер слайду 18

Ежелгі Рим мәдениеті Рим мәдениеті көне дәуір мәдениетінің қорытындылаушы кезеңі болып саналады. Антика дүниесінің өнері деп аталатын Рим мәдениетінің әлемдік өркениетте алатын орны ерекше.

Номер слайду 19

21 сәуір. Бұл күн Рим қаласының іргетасы қаланған күн, яғни туған күні. Италиялықтар ештеңеге қарамастан көптеген ғасырлар бойы, 21 сәуірді Ромулдың Рим қаласының негізін қалаған күні ретінде атап өтеді. Қазіргі таңда үш мың жылдық бай тарихы бар Римді "Мәңгілік қала" деп атау дәстүрі қалыптастып келеді.

Номер слайду 20

Ежелгі Римде салынған архитектуралық ескерткіш болып саналады. Әлемнің жаңа жеті кереметінің қатарындағы Колизей қазіргі таңда күллі Италия елінің мақтанышына айналды. Колизей амфитеатры гладиаторлар шайқасы мен цирк ойындарын тамашалау мақсатында тұрғызылған. Ортада ойын көрсететін алаңы, айнала сатылап жоғарылай беретін 4 қабатты орындықтары болған (50 мыңдай адам сыйған). Отыратын орындар мәрмәр тастармен көмкеріліп, қасбеттері түрлі мүсіндермен толтырылған. Колизей — Ежелгі Рим амфитеатрларының ең ірісі және ежелгі дәуір өнерінің көрнекті ескерткіші Колизей

Номер слайду 21

Треви

Номер слайду 22

Номер слайду 23

Ежелгі Римдегі “макарон” музейіӨздеріңіз білетіндей, итальяндықтардың ерекше ұнататын дәстүрлі тағамдарының бірі “макарон” болып саналады. Осыған орай, олар өздерінің сүйікті тағамдарына арналған музей ойлап табады. Бұл музейде макаронның 170 түрі бар екен.

Номер слайду 24

Ежелгі Римде күлгін (фиолетовый) түс сирек кездесетін болған. Күлгін түсті киімдерді кию тек дәрежесі жоғары адамдарға бұйырған екен. Қарапайым халық күлгін түсті қолданатын болса, қатаң жазаланатын болған.

Номер слайду 25

Тога – римдіктердің әмбебап киімі саналады. Оны Римнің тек қана тәуелсіз адамдары киген.

Номер слайду 26

Назарларыңызға рахмет!

pptx
Пов’язані теми
Всесвітня історія, Розробки уроків
Інкл
Додано
15 травня 2020
Переглядів
2089
Оцінка розробки
Відгуки відсутні
Безкоштовний сертифікат
про публікацію авторської розробки
Щоб отримати, додайте розробку

Додати розробку