Ислам әлемінің мәдениеті

Про матеріал
Мәдениеттің басқа үлгілерімен салыстырғанда ислам әлемі бір қыдыру біршама жас. Ол ҮІІ ғасырдың 1 жартысында пайда болды. Жаңа діннің пйда болуы арабтардың тағдырын түбегейлі өзгертіп, біріктіруші рөл атқарды. Исламның негізін араб-корейшит тегінен шыққан көпес Мұхаммед салды. Ислам ілімі мұсылмандардың қасеете Құран кітабында мазмұндалған аңыз бойынша оны Алла жердегі Мұхаммед пайғамбарға Жәбірейіл періште арқылы жіберген
Перегляд файлу

Ислам әлемінің мәдениеті

 

      Мәдениеттің  басқа  үлгілерімен  салыстырғанда  ислам  әлемі  бір  қыдыру  біршама  жас.  Ол ҮІІ ғасырдың  1  жартысында  пайда  болды.  Жаңа  діннің пйда  болуы  арабтардың  тағдырын  түбегейлі  өзгертіп,  біріктіруші  рөл  атқарды.

          Исламның  негізін  араб-корейшит  тегінен  шыққан  көпес  Мұхаммед  салды.  Ислам  ілімі  мұсылмандардың қасеете  Құран  кітабында  мазмұндалған  аңыз  бойынша  оны  Алла  жердегі  Мұхаммед  пайғамбарға  Жәбірейіл  періште  арқылы  жіберген,  ол  жеті  маңызды  қағидаға  негізделген:  бір  Құдай  Аллаға,  періштелерге,  барлық  діни  кітаптарға,  Алланың  барлық  Елшілеріне,  ақырғы  заманға  сенім.  Ислам  іліміне сәйкес  әлемдегі  барлық тіршілікті  Алла  жасады.  Ғаламда  болып  жатқан  барлық  құбылыстар  мен  оқиғалар  Алланың  құдіретімен  жасалған  және  оның  еркімен  жүргізіледі.  Ислам  діні  бес  “сенім  парызына” сүйенеді:  “Алладан  басқа  Құдай  жоқ  және  Мұхаммед  Алданың  Елшісі,  күн  сайын  бес  рет  намаз  оқу,  ораза  ұстау,  зекет  беру,  Мекеге  қажылыққа  бару”.  Мұхаммедтің  жолын  ұстанушылар,  мұсылман  ретінде  мешіттерде  намаз  оқыды.  Араб  аристократиясы  исламның көмегімен  өз  билігін  нығайтты,  арабтардың мемлекеттік  бірлігін  қамтамасыз  етті  және  көрші елдерді  жаулай  бастады.

          Арабтардың  орасан  зор  мемлекеттік  бірлестігі  -  араб халифаты  басқыншылық  жорықтардың нәтижесінде  пайда  болды.  УШғ.  Ортасында  Бағдат  халифаттың  басты  қаласына  айналды.

         Үлкен  мәдени  жұмыс  Тигр  Ефрат  жағалауларында,  Куф  және  Баср  қалаларында  жүргізілді.  Мұсылмандық діни  ілім  мен  заңтану  қалыптасты.   Мұнда  грамматиктер  мен  филологтардың  мектебі  ашылды,  олардың  күш-жінерімен  араб  тілінің  ауқымды  сөздігі  құрастырылды.

 Араб  мәдениетінің  гүлденуіне  өзге  дәстүрлерге  деген  төзімділік  ықпал етті.  Христиандар  мен  иудейлер ерекше  артықшылықты  жағдайда  болды,  оларды  мұсылмандар  кұрметпен  “жазу  идамдары”  деп  атады.  Соның  нәтижесінде  грек  мәдениеті,  ең  алдымен  философиясы,  ислам әлеміне  белгілі  болды.  Арабтар  өздерінен  мәдени  түрғыдан  биік  түрған  жат  жүрттықтармен  араласа  отыра,  олардан  уйрене  білді, ақыр  соңына,  артықшылыққа  қол  жеткізді.

 Араб  халифатында  жасалынған  рухани  мәдениеттің әсер  ету  және  туралу  аясы  орсан  зор.  Европа  медицинасы,  географиясы  мен  басқа  да  ғылымдар  араб  ғалымдары еңбектерінің ықпалымен  дамыды. 

 

Орта ғасырлық қазақ мәдениеті\

 

Шығыс Ренессансының талай елдерді қамтыған және 500 жылдан артық өркендеген типі мұсылмандық мәдени өрлеу дәуірі екендігі белгілі.  Оның әл-Кинди, әл-Фараби, ибн-Сина, Фирдауси, Ж.Баласағұн, Қожа Ахмет Иассауи, Омар Хайям сияқты өкілдерінің рухани мұрасын меңгермей қазір мәдениетті адам деп есептелу қиын. Бұл жерде осы ұлы құбылыстың мұсылмандықпен қатысы қанша деген заңды сұрақ туады. Оның негізі де бар.

    Әл-Фарабидің мәдениет туралы пікірлері негізінен араб мәдениетінің мына 4 тармағына байланысты: 1. Хақиқат (бір Алланың ақиқаттығын дәлелдеу). 2. Шариғат (мұсылмандық тұрмыс-салт заңдары). 3. Тарихат (Аллаға қызмет еткен әулиелер өмірі). 4. Марифат (білімділік, парасаттылық идеялары).

      Шығыс Ренессансы туралы сөз еткенде оның тағы бір бастауы сопылық бағыт (суфизм) жөнінде айтпай кетуге болмайды. Қазақстан жеріндегі ұлы ғұламалар Жүсіп Баласағұн, Сүлеймен Бақырғани, әсіресе, Қожа Ахмет Иассауи шығармашылығында сопылық сарын үлкен орын алған. Онан соң Ренессанс идеясын тек Платон мен Аристотельдің шығыстық ізбасарлары қолдады деу де сыңаржақтылық.

 Сопылық бағыт ислам әлемінде о баста ресми дінге қарсы оппозициялық қозғалыс ретінде туады. “Суфь” термині арабтың “жүн шекпен” деген сөзіне орайластырып алынған. Сопылар – киім талғамайтын, бар ойы руханилық төңірегіндегі тақуа адамдар.

Қалалардың өсіп өркендеуі, сауданың дамуы, ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұранымды арттырған. Мұның өзі егіншілік пен мал шаруашылығының дамуына себепкер болады. Жауын-шашынның аз болуына байланысты Қазақстанда егіншілік көбінесе суармалы негізде дамыды.

V1-XІІ ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналды. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Исфиджаб сияқты қалалар бой көтерді.

Махмұд Қашғари (1030-1090жж.) Қашғарда туса керек. Қарахан әміршісі Насыр ибн Әли тұқымынан шыққан. Әкесі Ыстық көлдің оңтүстігіндегі Барсханда тұрған. Махмұд бастапқы білімін Қашғар қаласында алады, кейін өзінің білімін көтеру үшін Орта Азия мен Иран елінің қалаларын аралйды. Ол біраз уақыт Бағдат қаласында тұрған. Онда араб тілін оқып үйренеді. Махмұд түріктердің тілі мен аңыз әдебиетіне ерекше көңіл бөліп, әрбір түрік тайпаларының қоныс жерлерін аралап сапар шеккен. Түріктердің сөздерінің мағынасын, өлеңдерін, жұмбақтарын, ертегілерін, әдет-ғұрыптарын жазып алады. Байқауларын жинақтап “Диуани лұға-ат-түрік” (“Түркі сөздерінің жинағы”) деген еңбек жазды. Бұл еңбекті ежелгі орта  ғасырдағы түріктердің халықтық өмірінің нағыз энциклопедиясы деп атауға болады.

Қала халқының мәдени өмірінде ислам дінін уағыздаушы, сопы ақындардың ішінде Ахмет Иассауидің (1103-1166) шығармалары елеулі орын алады. Оны Қожа Ахмет Иасауи деп атайды. Ол оңтүстік Қазақстандағы түрік халқының арасында ислам дінінің тарауына зор әсерін тигізді. Оның өлеңдері көпшілік арасында кеңінен тарады. Қожа Ахметтің өлеңмен жазылған “Диуани хикмат” (“Даналық жайындағы кітап”) деген еңбегі бар. Онда ақиқатты, шындықты, адалдық пен тазалықты уағыздаған.

 XV-XVІІ1 ғасырларда қазақтар арасында ислам діні кеңінен тарады. Оны таратуға Сығанақ, Түркістан, Хорезм, Бұқара, Самарқанд сияқты қалалар айрықша  рөл атқарды. Алайда, ислам діні көшпелі халық арасында терең тамыр жайған жоқ. Оған себеп дүркін-дүркін жүргізіліп отырған қақтығыстар, соғыстар және түрлі саяси қарама-қайшылықтар еді. Сондықтан халықтың бір бөлігі ислам дінін көпке дейін қабылдамай, тәңірге, күнге, аспанға, жерге, суға  табынуға негізделген нанымды ұстады. Қазақтар өмірінде отты қасиеттеу үлкен рөл атқарды.

XVІ-XVІІ ғасырларда қазақ халқының арасында тақырыбы мен жанры жағынан  алуан түрлі  ауыз әдебиеті кең өріс алды.  Қазақтың ауыз әдебиетінің асыл қазыналарын жасаған да , оны ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырған да халық арасынан шыққан дарынды адамдар - ақындар, сал, серілер, жыраулар еді.

Қазақ халқының поэзиясында жыраулардың орны ерекше бағаланды. Сол кездегі қазақ поэзиясының аса ірі тұлғалары – Шалкиіз (XV ғ.), Доспамбет (XVІ ғ.), Жиембет (XVІІ), т.б. жыраулар. Олар Әбілхайыр  хан мен Жәнібек хан заманында өмір сүріп, сол кездегі шиеленіскен саяси күрестің қиын-қыстау кезеңдерін жырға қосып көрсете білген адамдар. Қазақтың батырлар жыры мысалы: Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Қамбар дастандары тарих шындығымен қабысып жатқан шығармалар. Қазақтың әлеуметтік – тұрмыстық дастандары да (Қозы Көрпеш-Баян сұлу, Қыз-Жібек т.б.) феодалдық-рулық қоғамның өмірін үлкен шеберлікпен көрсетеді.

Бұл кездегі Қазақ хандығының мемлекеттік құрылысы мен халық өмірінің ерекше жағдайларын өзіндік  өзгешелігімен  қамтитын қоғамдық уклад «билер сөзің, «билер айтысың, «билер дауың, «төрелік айтуң, «шешендік сөздерң деп аталатын көркемдік мәдениеттің  бірегей түрін туғызды.

docx
Додано
15 травня 2020
Переглядів
974
Оцінка розробки
Відгуки відсутні
Безкоштовний сертифікат
про публікацію авторської розробки
Щоб отримати, додайте розробку

Додати розробку